Арыс кластан тыс станциясының парк бойынша кезекшісі
Лауазымдық міндеттер:
1, Кезекшілікке кіргенге дейін 30 минут бұрын жауапты басшының планерлік кеңестерінде қол қойғызып, нысаналы нұсқамадан өтеді2, Планерлік кеңестерде ауысымға жұмыс жоспарымен таныстырады. Өзімен бірге қызметтік куәлік болуы керек
3, Нысаналы нұсқамадан өткеннен кейін Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттан «ПЛАУЭН» ТЧЭ-32 ғимаратындағы № 3 бақылау бекетіне белгіленген өту бағыты бойынша өтеді
4, Қабылдау алдында кезекшілік ауысымға алдағы жұмыс жоспарымен, бақылау бекетінің жұмысына қатысты нұсқаулармен және өкімдермен таныстырады. Байланыс мүкәммалының жарамдылығын және сақталуын тексеру.
5, Поездың №, локомотивтің №, жолдың №, машинистің Т.А.Ә., маршруттық парақтың № көрсетіле отырып, бақылау бекетіне деподан шығу уақытын және локомотивтердің депоға келу уақытын белгілей отырып, «Локомотивтердің бақылау бекеті арқылы өту уақытын тіркеу» үстел журналын жүргізеді
6, Кезекшілікке кірген кезде № 1 бақылау бекетінің парк бойынша кезекшісінен алынатын бақылау бланкісінің жазбасына сәйкес № 1 бақылау бекетінің парк бойынша кезекшісімен қолданыстағы ескертулерді салыстырады.
7, Ескерту бланкілерін дербес компьютерде басып шығарады немесе толтырып береді. № 1 бақылау бекетінің парк бойынша кезекшісінен алынған бақылау бланкісінің негізінде жүргізілетін ДУ-61.
8, СДЦС локомотивтің №, локомотивтік бригаданың келу уақытын береді, поезд мен жолдың № алады. МРЦ-1, МРЦ-2, Арыс ІІ ҚПҮ және ҚПҮ жанындағы операторға локомотивтің, поездың №, локомотив бригадасының келу, постқа шығу жолдары мен уақытын және машинистің тегін береді. Жолаушылар поезының, локомотивтің № және локомотив бригадасының келу, постқа шығу уақыты және машинистің тегі.
9, Поездық локомотивті құрамға жеткізгеннен кейін келіп түскендерді алған сәттен бастап қолданыстағы ескерту мәтінін береді, бұдан басқа, IP байланыс бойынша ҚБПҮ арқылы беріледі, сұрау салу бойынша ескертуге өтінім берген тұлғаға растау (поездың №, берудің басталу уақыты) беріледі.
10, Нөлге қарай барлық қолданыстағы ескертулерді тиісті бағыттар бойынша ф. № 1 бақылау бекетінен бақылау бланкісін ДУ-61 және алу және ескертулер бланкісінің түбіртегін № 1 бақылау бекетінің парк бойынша кезекшісіне беру. № 1 бақылау бекетінің парк бойынша кезекшісінен алынған бақылау бланкісінің негізінде қолданыстағы ескертулердің бақылау бланкілерін үш бағыт бойынша толтыру және локомотив бригадалары арқылы Арыс станциясының ІІ ҚПҮ-не беру, Арыс станциясының ІІ ҚПҮ-нің бақылау бланкісін алғаны туралы қол қойған ескерту бланкісінің түбіртегін кері алу.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)Саладағы мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: поездарды құрастырушы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, бағыттамалық постының кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, сигналист, станция кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру постының операторы, сұрыптау дөңесінің операторы лауазымдарында кемінде 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.