"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"Семей" филиалының Аягөз пайдалану локомотив депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының 2-санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технологы (шар СҮ)
- Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен кешенді жоспар әзірлеуге қатысады;
- өндірістік жарақаттануға, кәсіптік ауруларға талдау жүргізеді және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
- жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің озық тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, осы тәжірибені Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне енгізуді ұйымдастырады, еңбекті қорғау бойынша байқау-конкурстар, семинарлар мен мектептерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің сақталуын, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді бақылауды жүзеге асырады;
- белгіленген талаптарға сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі құжаттама мен есептілікті жүргізеді;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Электр қауіпсіздігі бойынша бұйрықтар мен өкімдердің, хаттамалардың жобаларын әзірлеу;
- өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру мен есепке алудың және еңбек мертігуіне байланысты залалды өтеудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жай-күйін сақтау бойынша тексерулер жүргізеді, ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін, тиімділігін тексереді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.