«Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС 1-топ учаскесінің шебері

377 764 - 394 273 KZT
ТОО "Теміржолсу-Ақтөбе" Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
14

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Өндірісті дайындайды, жұмысшылар мен бригадаларды орналастыруды қамтамасыз етеді, технологиялық процестердің сақталуын бақылайды, олардың бұзылу себептерін анықтайды және жояды;
  • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізуді жүзеге асырады, қажетті журналдарды жүргізеді, еңбекті қорғау және өндірістік санитария, жабдықтар мен құрал-саймандарды техникалық пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізеді және орындайды, сондай-ақ олардың сақталуына бақылау жасайды;
  • кәсіптерді қоса атқаруды дамытуға, қызмет көрсету аймақтарын кеңейтуге жәрдемдеседі;
  • жұмыстарды тарифтеуге және учаске жұмысшыларына біліктілік разрядтарын беруге қатысады;
  • жұмыс уақытын есепке алу бойынша бастапқы құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары; Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша); Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Су ресурстары және су пайдалану
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.