«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Павлодар станциясының техник-технологі

280 414 - 291 208 KZT
Павлодарское отделение магистральной сети Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

- жүргізушілердің  жүргізуші куәлігінің бар-жоғын тексеру,жол парақтарын жазу,қабылдау және беру журналды рәсімдеу арқылы,олардың дұрыс толтырылуын тексеру,жол парақтарында жанар-жағармай материалдарының шығынын есептеу;
- желідегі автомобиль жүргізушілерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау; жүргізушілерге тасымалдау шарттары,ауа райы жағдайлары туралы нұсқама беру;қызметкерлердің еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын,өндірістік және еңбек тәртібін,ішкі еңбек тәртібі қағидаларын,өндірістік санитарияға және өртке қарсы қорғаныс талаптарын сақтауын бақылау;
- жұмыстың үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін шаруашылық бөлімшелерімен тұрақты байланыс жасау;
- автошаруашылық қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу,бухгалтерияға жанар-жағармай материалдарының нақты шығыны мен жалпы автошаруашылық бойынша жүрілген қашықтық туралы есепті ұсыну(ай сайын);
- әрбір автокөлік бойынша жанармай материалдарының нақты шығыны мен жүрілген қашықтықты есепке алу,құжаттарды рәсімдеу және бухгалтерияға ұсыну(ай сайын).

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.