«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Павлодар филиалының Павлодар станциясындағы атқыштар командасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 1-санатты инженер маманы

от 397 545 KZT
Павлодарский филиал ВЖДО Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
12

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жұмысқа жаңадан қабылданған барлық адамдармен, іссапарға жіберілген қызметкерлермен және өндірістік практикадан өту үшін келген оқушылармен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде кіріспе нұсқаулық жүргізу;
  • қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе аварияға әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтар анықталған кезде машиналарды, жабдықтарды пайдалануды және учаскелерде, жұмыс орындарында жұмыс жүргізуді тоқтату бойынша барлық шараларды қолдануға;
  • қызметкерлерді уақтылы және сапалы оқытуды, еңбектің қауіпсіз тәсілдерін жүргізуге, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздік және қорғау жөніндегі нұсқаулықтарын және білімдерін тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге;
  • ЖБ АЖ автоматтандырылған жүйесіне өндірістік қауіпсіздік бойынша деректерді уақтылы енгізуді жүзеге асыру (БжОТ АС, Экологиялық қауіпсіздік АС);
  • қҚауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшей отырып, жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жүргізу жөніндегі жұмысты (мамандандырылған ұйыммен шарт негізінде) ұйымдастыру және жүргізу және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жоспарланған іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бақылау;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс берушінің актілерін (бұйрықтар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар және т.б.) әзірлейді;
  • жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария талаптарын сақтау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: II санатты ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.