Қойма операторы Астана учаскесі өндірістік персонал "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - " Сұңқар "АҚ"Жолаушылар тасымалы"
Лауазымдық міндеттер:
- Қоймада тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдайды, сақтайды және босатады, қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды, жолаушылар поездарының қажетті материалдарын, мүкәммалын және жабдықтау заттарын беруді жеңілдету мен жеделдетуді ескере отырып, оларды орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді
- Құрамды рейске жөнелтуге дейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей құрамдарды рейске үздіксіз жабдықтауды ұйымдастырады
- 09.08.2021 жылғы №147-ЦЛ бұйрығына сәйкес қатаң бекітілген нормалар бойынша жолаушылар вагондарының жабдықтау заттарын: ыдыс-аяқ, шаруашылық мүкәммал, шай өнімі (бар болса), сигналдық жабдық,
- Медициналық керек-жарақтар, санитариялық мақсаттағы заттар және басқа да жабдықтау заттарын беруді жүргізеді
- Поездың (вагонның) түріне қарай жолаушылар поездары бойынша жабдықтау заттарын сыртқы түрі және тозу дәрежесі бойынша сұрыптайды, фирмалық поезды (вагонды) ең сапалы заттармен (фирмалық поезд болған кезде) жабдықтауды жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі) Экономика; қаржы
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.