«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Алматы қ.) бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы
Лауазымдық міндеттер:
- 1С және ЭШФ АЖ жүйесінде орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, тауарларды босатуға жүкқұжаттардың ұсынылған актілері негізінде шот-фактуралар мен электрондық шот-фактуралардың бастапқы бухгалтерлік құжаттарын уақтылы енгізу;
- Әкімшілік қоймаларындағы және филиалдың агенттік пункттеріндегі тауар-материалдық қорлардың есебін жүргізеді. ТМҚ есептен шығару актілері негізінде есептен шығаруды және орын ауыстыруды жүргізу;
- Негізгі құралдар бойынша есеп жүргізеді. Есепке алуды, ауыстыруды, есептен шығаруды жүргізу;
- СО, НМА, ТМҚ, ақша қаражаты, инвестициялар, дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша түгендеу жүргізу;
- Келіп түскен және сатылған тауарлық-материалдық қорлар, көрсетілген жұмыстар мен қызметтер бойынша есеп тапсыру;
- ТМҚ және СЖ жеткізген көрсетілген қызметтер бойынша өнім берушілермен өзара есеп айырысуды жүргізу;
- 1С UHA жүйесінде тауарлардың импорты мен өткізілуіне кедендік декларациялар жүргізу;
- Басқа ұйымдармен өзара есеп мәселелері бойынша хат алмасу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.