"Вагонсервис" АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Алматы филиалының бас механигі
- Жабдықтардың, қазандық қадағалау объектілерінің үздіксіз және техникалық дұрыс пайдаланылуын және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстардың сапасын, күрделі жөндеуге және жоспарлы-алдын ала жөндеуге қаражаттың ұтымды жұмсалуын, жабдықтарды қоймаларда сақтаудың дұрыстығын, мемлекеттік қадағалау объектілерін мемлекеттік Гортехнадзор инспекциясын тексерудің және көрсетудің уақтылығын бақылау;
- негізгі құралдардың, жабдықтардың, көлік құралдарының жарамды жай-күйін қамтамасыз ету;
- қазандық қадағалау объектілерін қарау, сынау және профилактикалық жөндеу жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- учаскені реконструкциялау, технологиялық жабдықты жөндеу, жұмыстарды механикаландыру және ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуге ақаулы актілер жасау бойынша аяқталған объектілерді қабылдауға қатысу;
- өндірістік процесті тоқтата тұру, егер ол жұмыста сапаның төмендеуіне немесе ақауға әкелетін бекітілген техникалық процестен ауытқып кетсе, Жабдықты жөндеуге нұсқама беру.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; машина жасау; Электр энергетикасы; Жылу энергетикасы; Аспап жасау
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.