"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалының Астана пайдалану вагон депосының жетекші инженер-технологы (жабдықтау)

416 848 - 431 506 KZT
ВЧД-8 Астанинское эксплуатационное вагонное депо Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
55

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Сатып алуды жүзеге асыру бөлігінде техникалық бөлімнің жоспарын орындайды.
  • комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді, өтінімдерді ашу хаттамаларын және сатып алу қорытындылары туралы хаттамаларды ресімдеуді жүргізеді.
  • сатып алу мәселелері бойынша филиалдың ішкі құжаттарын әзірлейді.
  • Филиалдың мұқтажы үшін бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы шешімдерді дайындайды және келіседі.
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Тәртібіне және Компанияның жергілікті актілеріне сәйкес баға ұсынысы тәсілімен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізеді.
  • Компанияның веб-сайтында және (немесе) «Самұрық-Қазына» АҚ айқындаған веб-сайтта алдағы сатып алу туралы, өткізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастырады.
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің, заңды және жеке тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша өтініштерін қарайды және олар бойынша жауаптар дайындайды.
  • жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасалатын шарттар талаптарының орындалуын, олардың толық іске асырылуын бақылау.
  • Филиал бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарды орындау мониторингі бойынша тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге актілерді келісу бойынша жұмыстар жүргізу.
  • өткізілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудан үнемдеу бойынша ай сайынғы есепті қалыптастыру және ұсыну.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Экономика, менеджмент; қаржы; маркетинг; есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; құқықтану; көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және/немесе теміржол мамандықтары;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.