"ҚТЖ-Жүк тасымалы ЖШС "Қарағанды" филиалы логистика және жүк тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің диспетчері (ГПФ-4)
Лауазымдық міндеттер:
- Орындалған поездар қозғалысының қысқартылған кестесін жүргізу
- Орындалған поездар қозғалысының кестесіндегі поездық ережені жасау
- Вагон паркінің орналасу бағыттары бойынша жедел және пайдалану жағдайлары туралы ақпарат жинау
- Поезд диспетчерлері мен станция кезекшілері арқылы жүк тасымалдау жұмыстарының орындалуын тәулік бойы бақылау
- Ішкі тораптар бойынша жергілікті және транзиттік жүктерді тасымалдауды, сонымен қатар жергілікті жүктерді жеткізуді бақылау
Біліктілік талаптары:
- Білімі жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі)
- Мамандығы: Көлікте (теміржол көлігі) тасымалдау, қозғалысты басқаруды және пайдалануды ұйымдастыру; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
- Жұмыс тәжірибесі теміржол бөлімшесі кезекшісінің көмекшісі/теміржол бөлімшесінің кезекшісі жанындағы оператор/жүк тасымалдау жұмысы жөніндегі оператор/жүк және багажды қабылдап тапсырушы/тауар кассирі/тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор/поездар құрастырушысы лауазымдарында 2 жылдан кем емес
Қосымша талаптар:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды» филиалы, Қарағанды - Сұрыптау станциясы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.