«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» Қарағанды пайдалану вагон депосының Инженер-электроншысы
- Ұйымдастыру техникасының, радиоэлектрондық аппаратураның және жекелеген құрылғылар мен тораптардың әртүрлі түрлерінің элементтері мен блоктарын баптауды жүргізеді;
- ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады жұмыс жағдайын, оны ұтымды пайдалануды, профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді;
- ұйымдастыру техникасының дұрыс техникалық пайдаланылуын, үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
- перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарлары мен кестелерін әзірлеуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге, оның пайдаланылуын жақсарту, ақаулар мен жұмыстың тоқтап қалуының алдын алу, жұмыс сапасын арттыру, ұйымдастыру техникасын тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысады;
- ұйымдастыру техникасын жұмысқа дайындауды, жекелеген құрылғылар мен тораптарды техникалық тексеруді жүзеге асырады;
- ұйымдастыру техникасы элементтерінің параметрлері мен сенімділігін бақылайды, ақауларды уақтылы анықтау, оларды жою мақсатында тестілік тексерулер жүргізеді;
- бекітілген құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы орындау бойынша шаралар қабылдайды;
- ұйымдастыру техникасы мен қосалқы бөлшектерге өтінімдер, жөндеуге арналған техникалық құжаттамалар, жұмыс туралы есептер (бюджет)жасайды;
- техникалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында кеңсе жабдықтарына қосымша сыртқы құрылғыларды қосу мүмкіндігін зерттейді;
- принтерлер мен көпфункционалды құрылғылардың картридждерін уақтылы толтыруды жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Аспап жасау;
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.