"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Шу жол дистанциясының № 4 өндірістік учаскесінің жол шебері (өлшеу бойынша)
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, жер төсемін, құрылыстар мен жол құрылғыларын, рельстерді, шпалдарды, бөренелерді, оның ішінде көпірлерді, бекітпелерді, бекітілген учаскенің барлық ұзындығындағы рельс шынжырларын қарайды және тексереді;
- 2004 жылғы 7 қарашадағы № 561-Ц бұйрығымен бекітілген Комиссиялық айлық тексеріп қарауды жүргізу қағидаларына сәйкес станциялардағы жолды және бағыттамалық бұрмаларды айлық комиссиялық тексеріп қарауды жүргізуге қатысуға, станция бастығымен және СОБ электр механигімен бірге бағыттамалық бұрмаларды, оның ішінде ауыстырмалы тетіктер мен бағыттамалық арматураны, жол құрылғыларын қарауға;
- бағыттамалық бұрмаларды металл бөліктердің тозу мәніне тексереді;
- кординаттар бойынша бағыттамалық аудармаларды тексереді;
- инженер-технологпен және учаске техниктерімен бірлесіп иілу жебелері бойынша жолдың қисық учаскелерін тексереді;
- ақаулық орнын кесіп, рельсті жапсырмалармен және болттардың толық санымен орнату арқылы түйіссіз жолдың жарылған соқпағын уақытша қалпына келтіруге басшылық жасау.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ) / орта (техникалық және кәсіптік ) / орта немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.
- Мамандығы: Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер және көліктік тоннельдер, көліктік құрылыс.
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары білімі болған кезде - мамандығы бойынша кемінде 1 жыл / орта (техникалық және кәсіптік) білімі болған кезде - мамандығы бойынша кемінде 3 жыл / белгіленген бағдарлама бойынша орта немесе арнайы даярлығы болған кезде - мамандығы бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.