"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі"филиалының сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау бойынша қашықтық бастығының орынбасары Ақтоғай сигнал беру және байланыс қашықтығы
Лауазымдық міндеттері:
СОБ құрылғылары бөлігінде поездар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың орындалуын әзірлеу және бақылау
СОБ құрылғыларының үздіксіз жұмысын, СОБ учаскелері бастықтарының, бекітілген учаскенің аға ЭЛЕКТРОМЕХАНИКТЕРІНІҢ лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау
Бекітілген учаскенің СОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуге, жұмыс жүргізу ережелерін сақтауға, СОБ цехтарын қосалқы бөлшектермен, материалдармен және құралдармен қамтамасыз етуге басшылық ету және бақылау
Поездар қозғалысы қауіпсіздігін және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жеке қатысу нормативтерін орындау
Техникалық құралдардың, СОБ құрылғыларының жұмысын талдау, көрсетілген құрылғыларға қызмет көрсету және жөндеу сапасын арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу
Автоматика, телемеханика және байланыстың техникалық құралдарын көктемгі және күзгі тексеруді ұйымдастыру және өткізу
Жетекшілік ететін учаскеде СОБ құрылғыларының сақталуын қамтамасыз ету, материалдық құндылықтарды ұрлау және бүлдіру жағдайларын болдырмау жөніндегі іс-шараларды орындау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, экология жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды өткізуге қатысу
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Теміржол көлігін Автоматтандыру және басқару.
Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация;
Автоматика, телемеханика және теміржол байланысы
Жұмыс тәжірибесі: басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.