ЖІӨ-25 жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші инженер-экономисі "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалының Алматы пайдалану вагон депосы - "тасымалдау процесінің дирекциясы"
Лауазымдық міндеттері:
Депоның, филиалдың өндірістік-шаруашылық қызметінің перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын жасау үшін бастапқы деректерді дайындайды. Депоның өндірістік-қаржылық жоспарын тоқсан бойынша бөле отырып әзірлейді, жоспарлы көрсеткіштерді кәсіпорын бөлімшелеріне жеткізуді қамтамасыз етеді.
Депоның және оның учаскелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізеді, үнемдеу режимін қамтамасыз ету, өндірістің рентабельділігін арттыру, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою, сондай-ақ кәсіпорынның кірістерін ұлғайту мүмкіндіктерін анықтау бойынша шаралар әзірлейді;
Белгіленген бағаларды қолданудың дұрыстығын қадағалайды, белгіленген мерзімдерде мерзімді есептілікті дайындайды, жасалған шарттардың есебін өз міндеттері шеңберінде (ЖІӨ-ден түсетін кірістер) және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімдерінде жүргізеді.
Әрбір вагонның ТжКБ бойынша бастапқы құжаттарды қолтаңбалардың, мөртаңбалардың бар-жоғына қабылдайды және тексереді және бөгде және еншілес ұйымдардың вагондары бойынша жұмыстар құнының калькуляциясын, орындалған жұмыстар актісін жасайды және вагондардың меншік иесіне шот-фактуралар қою үшін бастапқы құжаттардың толық пакетін бухгалтерияға береді.
Уақтылы сканерленген құжаттарды вагондардың иесіне қол қою үшін жібереді, иелерінің қол қойылған құжаттарын Бухгалтерия бөліміне береді. Белгіленген материалдардың шығыстары бар вагондар тізілімін жасайды.
БМЖ жұмыс істеуін және нәтижелілігін тұрақты жақсартуды қамтамасыз ету, БМЖ талаптарын орындау.
Экономикалық мәселелер бойынша жеделхаттар, қызметтік хаттар, өтінімдер дайындау және жолдау.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы: орт, транУчет және аудит, Экономика; Менеджмент; Қаржы; Көліктік техника және технологиялар (темір жол көлігі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.