"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Арыс сигнал беру және байланыс дистанциясының жетекші инженері

385 970 - 399 543 KZT
Арысская дистанция сигнализации и связи Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
7

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Ай, тоқсан, жыл үшін материалдарды игеру бойынша есептер жасау;
  • АГО-5 жылдық есебін жасау;
  • өз міндеттерінің шеңбері бойынша жоғары тұрған ұйымдардың нұсқауларын орындау бойынша іс-шаралар жасау;
  • қолда бар құрылғыларға қызмет көрсету бойынша жоспарлы - алдын алу жұмыстарының жылдық және айлық жоспарлары – кестелерін әзірлеуге басшылықты жүзеге асыру;
  • тексеру актілерінде баяндалған ескертулерді жою жөніндегі жоспар-кестелер мен іс-шараларды әзірлеу;
  • ОАА, ОЖС, ОШ, НЖС-9, РБ-9 аппараттарымен қашықтықты техникалық тексеру мәселелерін жүргізу және анықталған ескертулерді жоюды бақылауды жүзеге асыру;
  • СОБ, байланыс, радио және КТСМ құрылғыларын ағымдағы жөндеу мәселесін жүргізеді;
  • АГО-5 нысанындағы СОБ, байланыс, радио, КТСМ құрылғылары бойынша жылдық есепті және тиісті кестелерді, ведомостар мен схемаларды бақылау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару. Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.