Алматы-1 станциясының пойыздарды қабылдаушысы НОДГП-7
Лауазымдық міндеттер:
Поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру жергілікті актінің талаптарын сақтай отырып жүргізіледі;
есепке алу және есеп беру құжаттамасының дұрыс жүргізілуін, Құжаттамашы және Е-Телеграммалар бойынша жедел хабарламалардың уақтылы жіберілуін және Поездар мен вагондарды коммерциялық тексеру қағидаларында және Темір жолдардағы актілік-наразылық жұмысы жөніндегі нұсқаулықта көзделген мекенжайларға жалпы нысандағы актілердің жіберілуін бақылайды;
«ВЖДО» ЖШС қызметкерлерінің жазбаша өтінімі негізінде коммерциялық ақау бойынша ағытылған вагондар, контейнерлер бойынша бастапқы ақпаратты жасайды;
коммерциялық тұрғыдан қарап тексеруді поездарды қабылдаушылар екі жағынан екі адам етіп жүргізеді. Құрамды қоршағаннан кейін поездарды қабылдаушылар құрамды бойлай өтеді және вагонда жұмыс блокноттарында ақаудың болуы немесе болмауы туралы жазба жүргізеді, тексеру «ӘТЖК» ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі;
«ӘТЖК» ЖШС қызметкерінің жазбаша өтінімі бойынша белгіленген мерзімде кейіннен жедел хабарлай отырып, ГУ-23 жалпы нысандағы актіні жасайды;
вагондарды қарау және коммерциялық ақауы бар вагондар мен контейнерлерді табу нәтижелері ГУ-98 нысанының кітабына енгізіледі. Вагондарды пломбалау жағдайында ГУ-37 нысанын пломбалау кітабын толтырады. Жазбаларды поездарды жауапты қабылдаушылар қол қойып куәландырады;
темір жол көлігі объектілерінен жүктер мен материалдық құндылықтарды ұрлаудың барлық жағдайлары бойынша поездарды қабылдаушы НОДГП-7 бекітілген хабарлау схемасына сәйкес хабарлауға міндетті.
Біліктілік талаптары:
Білімі
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
орта (техникалық және кәсіптік);
орта.
Саладағы мамандық
Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс.
Жұмыс тәжірибесі
білімі жоғары болған кезде: кемінде 1 жыл, оның ішінде жүк пен багажды қабылдаушы-тапсырушы, поездарды қабылдаушы лауазымдарында;
білімі орташа (техникалық және кәсіптік) болғанда: кемінде 3 жыл, оның ішінде жүк пен багажды қабылдаушы-тапсырушы, поездарды қабылдаушы лауазымдарында 2 жыл;
білімі орташа болған кезде: кемінде 5 жыл, оның ішінде жүк пен багажды қабылдаушы-тапсырушы, поездарды қабылдаушы лауазымдарында 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.