"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Бурабай курорты" мамандандырылған көпір жасағы" филиалының Астана көпір станциясының шебері
Лауазымдық міндеттер:
- Темір жолдың бөлінген белдеуіндегі жер төсемін, жасанды құрылыстарды, темір жол өтпелерін және басқа да тұрақты құрылғыларды уақтылы және сапалы тексеруді қамтамасыз ету;
- көпірлерді комиссиялық тексеру кезінде анықталған ақауларды уақтылы жою;
- өндірістік учаскені күзгіқысқы жағдайларда жұмысқа дайындау. Жер төсемін, жоғары сапалы жасанды құрылыстарды ағымдағы күтіп ұстау бойынша жоспарлы тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауды қамтамасыз ету;
- учаске қызметкерлеріне жоспарлар мен өндірістік тапсырмаларды, машиналарды, механизмдер мен жабдықтарды, материалдарды, отынды, электр энергиясын, жалақы қорын пайдалану жөніндегі көрсеткіштерді, еңбектің түпкілікті нәтижелерін бағалауды уақтылы жеткізу;
- жұмысшыларға жұмыс басталғанға дейін тапсырма-нарядтарды және жекелеген нарядтарды беру, жұмысшыларды жұмыстарды орындау шарттарымен, әзірлеу нормаларымен және бағамен таныстыру
Біліктілік талаптары:
- Білімі: белгіленген бағдарлама бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік),орта немесе арнайы даярлық;
- Мамандығы: теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері, Көлік құрылысы;
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) - кемінде 1 жыл, орта (техникалық және кәсіптік) - кемінде 3 жыл,белгіленген бағдарлама бойынша орта немесе арнайы даярлық - кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.