"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Шымкент бөлімшесі"филиалының Шымкент жол қашықтығы механикалық шеберханалары цехының машиналары мен механизмдерін пайдалану және жөндеу шебері
- Шеберханалар мен гараж жүргізетін барлық жұмыстарға жедел және техникалық басшылық жасау. ҚТ және ОТ бойынша нұсқамалар өткізу;
- ТЭР, қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың шығысы бойынша мәліметтерді есепке алуды және жинауды жүргізу;
- шеберханаларда қашықтықтағы жолдарда және машиналар мен механизмдерді жөндеу және пайдалану кезінде еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- бас механикпен бірлесіп кадрларды дұрыс орналастыру мен пайдалануды, шеберхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқуды ұйымдастыруды, кадрларды практикалық даярлауды ұйымдастырады;
- шеберханаларда, сондай-ақ жұмыстарды шеберханалардың қызметкерлері, шеберханалардан тыс жерде жүргізген кезде сол қызметтерде жұмыстарды жүргізу кезінде машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/орта (техникалық және кәсіптік) немесе белгіленген білім бойынша арнайы даярлық
- Саладағы мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); көлік құрылысы, құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы)
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне/қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл талап қоймай.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.