автомобиль жүргізушісі Механикалық шеберханалар Екібастұз-1 ст. екібастұз электрмен жабдықтау дистанциясы Павлодар магистральдық желі бөлімшесі

222 345 - 229 641 KZT
Екибастузская дистанция электроснабжения Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Автокөлікті пайдалану ережелерін, жол жүру ережелерін сақтау, желіге шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеру және автошаруашылыққа қайтып келген соң оны белгіленген орынға қою;

 Автокөлікті, оның тораптары мен агрегаттарын техникалық жарамды күйде ұстау, желіде жұмыс істеу кезінде туындаған, механизмдерді бөлшектеуді талап етпейтін ұсақ ақауларды жою, автокөлікке мерзімді тексерулер, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және техникалық қызмет көрсету;

 Жол жүру құжаттарын ресімдеу, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын сақтау, слесарлық жұмыстарды және электрлік өлшеулерді орындау;

 Отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану нормаларын сақтау, автомобиль көлігінің жұмысын бақылау, жоспарланған жұмыс көлеміне отын-энергетикалық ресурстардың артық жұмсалуына жол бермеу.

Біліктілік талаптары:

Арнайы бағдарлама бойынша дайындық, жүргізуші куәлігі, В1, С1 санаттарының болуы;
Еңбек өтілі - талап қойылмайды

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.