"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі" филиалы 1-сыныпты Түрксіб темір жол станциясы (шекара) бастығының орынбасары
Лауазымдық міндеттер:
- Станцияның поезд және жүк жұмысын жоспарлауды ұйымдастыру;
- еңбек тәртібін нығайтуға және поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, станция қызметкерлерін техникалық оқытуға және олардың білімін тексеруге бағытталған профилактикалық-тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеуге қатысу;
- станцияға поездарды қабылдауды ұйымдастыру барлық қызметтердің вагондар мен поездардың тұрып қалуының технологиялық нормаларын орындауы, локомотивтерді оңтайлы пайдалану;
- поездармен, вагондармен және локомотивтермен жұмыс істеу жөніндегі ақпараттық жүйелерге деректерді дұрыс емес және уақтылы енгізбеу жағдайларын тергеп-тексеру, сондай-ақ ақпаратты уақтылы және дұрыс енгізбеу жағдайларын болдырмауға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
- тәжірибелік пайдалануды ретке келтіру, қолданыстағы бағдарламалық және ақпараттық-техникалық құралдар мен жүйелердің кешендерін кезең-кезеңмен енгізу және нысаналы пайдалану жөніндегі жұмысқа тікелей қатысу;
- қозғалыс цехында еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру: еңбекті қорғау бойынша білімді тексеру, жұмыс орындарының жай-күйін бақылау (габариттің жай-күйі, жарықтандыру) жарақаттану жағдайларының алдын алу бойынша алдын алу шараларын жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымында кемінде 2 жыл немесе кемінде 3 жыл станциялық/маневрлік, сыныптан тыс станция бойынша кезекші, 1-2 сыныпты.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.