Инженер (жылдамдық өлшегіш ленталардың мағынасын ашу бойынша 1-санатты) Илецк пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-27 пайдалану цехы НОД-15 «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «ГП Илецк бөлімшесі»
Лауазымдық міндеттер:
- Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қызмет шеңбері бойынша құжат айналымын жүргізуді, хаттардың, жоспарлардың, есептердің жобаларын келісуді және оларды қарау (орындау) нәтижелері бойынша хат алмасуды жүзеге асырады;
- негізгі жұмыстың технологиялық нормативтерде белгіленген уақытта орындалуын қамтамасыз етуді сақтауға;
- 1-санаттағы жылдамдық өлшегіш ленталарды таратып жазу жөніндегі инженер жылдамдық өлшегіш лентадағы жазбаларды сауатты таратып жазуға, деректерді тексеруге, тіркеуге және белгіленген нысандағы № 1,2,3 ТУ-133 жылдамдық өлшегіш ленталарды таратып жазу журналына және КЛУБ-У кассетасына енгізуге міндетті;
- ашуға келіп түскен КЛУБ-У жылдамдық өлшегіш ленталары мен кассеталары, мөртабан бойынша және тікелей таратқан кездегі барлық жазбалар: уақыт, сағаттық сызаттар, жылдамдық, тежегіш қысымы, қозғалыс бағыты, СТК және АЛСН сигналдық оттарын қосу және ажырату, сондай-ақ жылдамдық өлшегіш ленталар мен КЛУБ-У кассеталарының тұтастығы мен жарамдылығы жұмыс үшін;
- 1-санаттағы жылдамдық өлшегіш ленталардың мағынасын ашу жөніндегі инженер доңғалақ жұбы бандажының тозуына байланысты жылдамдық өлшегіштің қателіктерін есептеуге және талдауға міндетті.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы) саласындағы мамандығы; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару).
- Жұмыс тәжірибесі: II санатты ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.