«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы Жазық ст. (4 класс) электрмен жабдықтау ауданының бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Қызмет көрсету учаскесінің шекарасында теміржол және басқада тұтынушыларды қозғалыс қауіпсіз және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған энергетикалық шаруашылық құрылғыларын ағымдағы ұстау, жөндеу және күшейту жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау;
- Жоспарлы тапсырмаларды орындау бойынша электрмен жабдықтау ауданының жұмысына басшылық жасау, пойыздардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, техникалық құралдарды уақытылы сапалы жөндеу, күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, құрылғылардың жұмыс жағдайларын зерделеу, мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтау, олардың алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау;
- Филиалда металл сынықтарын сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қара және түсті металл сынықтарын тапсыру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау;
- Жазғы және қысқы жағдайларды жұмыс істеу үшін авто және мотокөліктерді, ғимараттарды дайындауды қамтамасыз ету;
- Электр энергиясы шығынын, электр балансын жасаудың дұрыстығы мен сенімділігін бақылауды жүзеге асыру;
- Энергетика саласындағы нормативтік актілерге және құжаттарға сәйкес электрмен жабдықтау желілік ауданының электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар беруге өтінімдерді (ұсыным бере отырып) қарау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік).
- Мамандығы: Темір жол көлігіндегі электр энергетикасы; Электр энергетика; Темір жолдардың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының, қосалқы станцияның және желілердің электр жабдықтары, салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу.
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болған жағдайда - электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл; Орта (техникалық және кәсіптік) білімі болған жағдайда - электромеханик лауазымында кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.