"Жолаушылар тасымалы "АҚ"Сұңқар" филиалының Еңбек және жалақы секторының бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Бөлімнің қызметіне басшылық жасау, бөлімге жүктелген міндеттерді қызметкерлер арасында бөлу, бөлімнің жұмысын үйлестіру;
- құрылымдық бөлімшелердегі және тұтастай алғанда бөлімшедегі негізгі қызмет бойынша бюджет еңбекке ақы төлеу қорының шығыстары жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- жалпы бөлімше бойынша және құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде еңбекақы төлеу қорының ай сайынғы шығысын және нақты контингентті күтіп-ұстауды бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- қызметтің барлық түрлері бойынша бөлімшелердің перспективалық, жылдық, тоқсандық және айлық жоспарларының жобаларын, сондай-ақ оларға негіздемелер мен есептеулерді дайындауды басқарады;
- жоспардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру, бөлімнің еңбекақы төлеу қорының жоспарын үнемдеу режимін күшейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысуы.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: "Экономика", "Менеджмент", "Қаржы", "Есеп және аудит", "еңбекті ұйымдастыру және нормалау", "статистика".
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс, басшылық лауазымдарда қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл жұмыс істеу.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.