Еңбек және жалақы бөлімі бастығының орынбасары "ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалы
Лауазымдық міндеттер:
- Еңбек жоспарын түзету бойынша ұсыныстар дайындау;
- филиал көрсететін жұмыстар мен қызметтерге, жалдауға арналған калькуляцияға еңбекақы төлеу қорының есебін тексеру;
- филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді ревизияларға қатысу, ревизиялар актілерін қарау және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
- белгіленген тәртіппен іс қағаздарын жүргізу, филиалдың, дирекцияның, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен және филиал қызметкерлерімен еңбек және жалақы мәселелері бойынша хат алмасу;
- бекітілген Жергілікті актілерге сәйкес есептілікті қалыптастыру және Дирекцияға ұсыну;
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары.
- Мамандығы: "Экономика"; "Есеп және аудит"; "Қаржы"; "Автоматтандыру және басқару"; "Ақпараттық жүйелер"; "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"; "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)".
- Жалпы жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде басшы лауазымда.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.