«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы инфрақұрылымдық даму секторының бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Жаңа т.ж. объектілерді жобалау, салу және реконструкциялау кезеңіне жер учаскесін бөлуге жергілікті атқарушы органға өтініш беруді қамтамасыз етеді;
- Жаңа т.ж. объектілерді жобалау, салу және реконструкциялау кезеңіне жер учаскесінің бөлінуін бақылауды белгілейді;
- Жаңа т.ж. объектілерді жобалау, салу және реконструкциялау кезеңіне жерге орналастыру жобасын әзірлеу мен бекітуді бақылауды қамтамасыз етеді;
- магистральдық инфрақұрылымның жаңа объектілерін жобалауға бастапқы деректердің тізбесін дайындайды;
- жергілікті атқарушы органдардан бастапқы деректердің алынуын бақылауды белгілейді;
- жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- инженерлік-гидрологиялық, инженерлік-геологиялық ізденістер, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру деректеріне талдау жүргізеді;
- орындауға қабылданған жобалық шешімдерді жобаның басқа бөлімдерінің (бөліктерінің) жобалық шешімдерімен байланыстыруды қамтамасыз етеді;
- Жаңа т.ж. объектілерді жобалау, салу және қайта құру кезінде әзірленетін стандарттардың жобалық шешімдері мен құжаттамасының техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: сәулет, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, құрылыс, (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану, Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс, Радиобайланыс және радиохабар тарату, Электр энергетикасы; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс, басшылық лауазымдарда қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл жұмыс істеу.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.