«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе машиналандырылған жол дистанциясы» филиалы Ақтөбе өндірістік учаскесінің инженері (технологы)
Лауазымдық міндеттер:
- Технологиялық тәртіпті сақтау және технологиялық жабдықты дұрыс пайдалану бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Жол машинасы қызметкерлерінің күнделікті жұмыс уақытын есепке алуды, жол техникасын жөндеу және Баптау бойынша материалдардың, қосалқы бөлшектердің шығынын есепке алуды, сондай-ақ жол машиналарының ЖЖМ шығынын есепке алуды жүргізеді.
Машинаның ақаулығы анықталған кезде немесе кенеттен туындаған кедергі болған кезде оларды тез жоюға барлық қажетті шараларды қабылдайды, ал белгіленген уақыт нормативінде жою мүмкін болмаған кезде – поездардың қозғалыс кестесінің бұзылуына жол бермей, аралықты босату.
Ауысым алдындағы және мерзімді медициналық қарап-тексерулердің жол машинасының қызмет көрсетуші персоналының өтуін, медициналық қарап-тексерулерден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге, жұмыс берушінің талабы бойынша профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден және басқа жұмысқа ауыстыру кезінде медициналық қарап-тексерулерден өтуге бақылайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары) Мехатроника (автоматты жүйелерді баптау, әзірлеу және қызмет көрсету).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.