Қарағанды пайдалану локомотив депосының Ақадыр айналым депосының кезекшісі
Лауазымдық міндеттер:
Алдағы сапарлық жұмыс жоспарларымен, локомотив бригадаларының тәуліктік-ауысымдағы сапарлық және манервлік жұмыс жоспарларымен, жөндеудің барлық түрінде, техникалық қызмет көрсетуде және резервте тұрған локомотивтердің жағдайымен, техникалық қызмет көрсетуден шығатын немесе қоятын жоспармен, кестемен, локомотивтерді сумен және электрлі күш шаруашылығымен, электрқуатымен және түйіспе желімен жабдықтау жоспарымен немесе кестесімен, қайта келіп түскен бұйрықтармен, нұсқаулықтармен, поездар қозғалысы қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау материалдарымен танысуға. Локомотив бригадаларының кестеге сай, тапсырыс немесе шақыру бойынша жұмысқа уақытылы келулерін бақылауға. Локомотив бригадаларының дұрыс демалуын немесе айналым пункттерінде локомотив бригадаларының нормадан тыс болмауын үнемі қадағалауға. Белгіленген уақытта қамтамасыз ету үшін, локомотивтерге өрт, қалыпқа келтіру поездарын берумен қамтамасыз етуге міндетті.
Біліктілік талаптары:
Білімі
Жоғары (немесе жағары оқу орнынан кейін)
Орта (техникалық және кәсіби)
Саладағы мамандығы
Көлік, көлік техникасы және технологиясы (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару)
Пайдалану, теміржол жылжымалы құрамдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
Жұмыс тәжірибесі
Локомотив машинисі болып 2 жылдан кем емес
Локомотив машинисі болып 3 жылдан кем емес
Қосымша талаптар:
Еңбек күн тәртібін, мінез-құлық және іскерлік этика Кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қағиданы сақтау
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.