"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының еңбек және жалақы бөлімінің жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмыс уақытын есептеу табельдерін үстеме, мерекелік, түнгі сағаттарды және демалыс күнгі жұмыс сағаттарын есептеу бөлігінде тексеру, SAP жүйесіне шаблондарды жүктеу, маршруттық парақтарды, аванстық есептерді тексеру;
- еңбекақы төлеу қорының жұмсалуын бақылау;
- нормативтік актілерге сәйкес филиал қызметкерлерінің нормативтік санын есептеуді жүргізу;
- хронометраждық және басқа да бақылауларды, жұмыс уақытын жоғалтуды, еңбек өнімділігінің өсу резервтерін қолдану арқылы қызметкерлердің барлық санаттарының жұмыс уақытын пайдалануына талдау жүргізу;
- SAP жүйесіне штат кестесін, штат кестесіне өзгерістер енгізу;
- кәсіптер мен лауазымдардың атауларын, разрядтарды белгілеудің, тарифтік ставкаларды, лауазымдық жалақыларды және басқа да төлемдерді қолданудың, разрядішілік интервалдарды (лагтарды) берудің дұрыстығын бақылау;
- SAP PBW жүйесінде еңбек бойынша есептерді салыстыру және еңбек және жалақы, әлеуметтік төлемдер бойынша көрсеткіштерге талдау ұсыну;
- ақшалай сыйақыларды төлеу жөнiндегi қолданылып жүрген Ережеге сәйкес желiлiк қызметкерлерге ағымдағы сыйақыны төлеуге арналған материалдарды жинау және есеп-қисаптарды жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары.
- Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент; Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Статистика.
- Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.