"Кедентранссервис" АҚ сыртқы байланыстар мен PR департаменттің 2-деңгейдегі бас менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- Шетелдік делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру, Бас директордың халықаралық іс-шараларға қатысу кестесін жасау
- қоғамның мүдделерін білдіру үшін көшпелі іс-шараларды, көрмелерді, роуд-шоуларды, форумдар мен конференцияларды ұйымдастыру;
- шығыстар сметасын, қаржыландыруға өтінімдерді дайындау және келісу;
- конференцияларға, кеңестерге, семинарларға және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысу кезінде шетелдік делегациялардың іс-шаралар сценарийін, отыру схемаларын және жүріп-тұру маршруттарын дайындау;
- Қазақстан Республикасының аумағында қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп шетелдік әріптестермен бизнес-форумдарды, отырыстарды, семинарларды протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және оларға қатысу;
- қоғам ұйымдастырған конференцияларға, кеңестерге, семинарларға және басқа да халықаралық іс-шараларға қатысу кезінде қоғам басшылығына қонақүйді брондауды жүзеге асырады;
- қоғам басшылығы мен шетелдік әріптестер үшін өз өкілеттіктері шегінде паспорттық-визалық бағыттың және хаттаманың жұмысын қамтамасыз етеді
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Логистика; Құқықтану; экономика; менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; маркетинг; Инновациялық менеджмент; жобаларды басқару; іскерлік әкімшілік; халықаралық қатынастар; және / немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.