Тұлпар "Вагон құрастыру зауыты" ЖШС Бас бухгалтері

от 603 781 KZT
ТОО "Вагоностроительный завод "Тұлпар" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 5 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
12

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастырады, қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізеді;
  • Мүліктің сақталуына, ақша және материалдық құндылықтардың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
  • Ақша қозғалысына, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен аударуға байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында құжаттық түрде көрсетілуінің дұрыстығын қамтамасыз етеді;
  • Бухгалтерлік есеп шоттарына белгілей отырып, белгіленген тәртіпте еңбекақы бойынша персоналмен есеп айырысулардың, салықтардың, міндетті зейнетақы жарналарының және жалақыдан басқа да аударымдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады;
  • Қойма есебінің жүргізілуін, тауарлардың уақытылы қабылдануын және есептен шығаруын бақылайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары, проф. бухгалтер сертификатының болуы. 
  • Мамандығы: Есеп және аудит, экономика, қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Қосымша талаптар:
  • "ЅАР", "Фаворит"автоматтандырылған жүйелерінде жұмыс істеу.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.