«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Вокзал шаруашылығы департаментінің вокзалдарды техникалық қамтамасыз ету бойынша менеджері (15 грейд)

от 481 846 KZT
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция магистральной сети» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
60

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Вокзал шаруашылығының ғимараттары мен құрылыстарын жөндеу-құрылыс бригадаларының күшімен, шаруашылық тәсілімен және бөгде ұйымдармен ағымдағы жөндеу жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды;
  • вокзал шаруашылығының ғимараттары мен құрылыстарына ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастырады, дирекцияның құрылымдық бөлімшелеріне есеп береді;
  • жөндеу-құрылыс бригадаларының жұмыс жоспарларының орындалуына талдау жүргізеді, дирекцияның құрылымдық бөлімшелеріне есептер ұсынады
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалдарының - Магистральдық желі бөлімшесінің және "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалының - "Астана темір жол вокзал кешені" негізгі құралдарының жай-күйін талдайды, оның қорытындысы бойынша Департамент басшылығына қарау үшін ұсыныстар енгізеді;
  • Департаменттің негізгі құралдарын түгендеу бойынша жұмыс жүргізеді;
  • дирекцияның негізгі құралдарын түгендеу жөніндегі комиссияға қатысады;
  • ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізу үшін өтінімдерді компанияның бейіндік құрылымдық бөлімшесіне жібереді;
  • қалдықтарды бақылау және оларды уақтылы есептен шығару мақсатында "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалдары - Магистральдық желі бөлімшелерінде тауарлық-материалдық құндылықтардың қалдықтарын талдайды және ақпарат жинайды;
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалдарының - Магистральдық желі бөлімшесінің мұқтаждықтары үшін тауарлық-материалдық құндылықтарға қажеттілікті жоспарлау бойынша жұмыс жүргізеді;
  • ғимараттар мен құрылыстарға ағымдағы жөндеу жүргізу үшін сметалық есептеулер алу мақсатында Компанияның бейінді құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; ғимараттар мен құрылыстар салу; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, механикаландыру және автоматтандыру;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.