"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" 4 класты Державинск станциясының 3 санатты инженер-технологы
- Станцияның барлық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің жылдық және перспективалық жоспарларын жасау үшін бастапқы деректерді дайындау;
- жұмыстың жекелеген түрлерін өндіруге уақыт нормаларын есептеуді жүргізу, жаңа жобалардың тиімділігін және оларды енгізуге болжамды шығындарды есептеу;
- поездық және техникалық құжаттаманың, лауазымдық нұсқаулықтардың, жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жергілікті нұсқаулықтардың болуы мен жай-күйін, сондай-ақ қажетті әдебиеттердің, станция ТРА-дан үзінділер мен бұйрықтардың, Мүкәммалдың, оның ішінде қатаң есепке алудың, сеніп тапсырылған мүліктің болуын және жай-күйін бақылау;
- станцияның ТРА және оған қосымшаларды, станция жұмысының технологиялық процесін, станция қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысу, қажет болған жағдайда оларға белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезінде оларға электр рұқсатының бірінші және екінші тобын бере отырып, куәліктер бере отырып, станция қызметкерлерінің лауазымына сынақтар, лауазымға кезектен тыс сынақтар және аттестаттау, қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге қатысу;
- станцияның сыныптылығын есептеу, маневрлік локомотивтер санының қажеттілігін және станцияның өткізу және қайта өңдеу қабілетін есептеу
- техникалық процестердің сақталуы мен сапасына, олардың қолданыстағы ҒТҚ және НҚА талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық немесе кәсіптік)
- Саладағы мамандығы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) болған кезде: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) болған кезде: маневрлік (станциялық) диспетчер/станция бойынша кезекші/орталықтандыру станциясының кезекшісі/ парк бойынша кезекші/сұрыптау төбесі бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 1 жыл; орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде: маневрлік (/станция бойынша кезекші/орталықтандыру станциясы бекетінің кезекшісі/ парк бойынша кезекші/сұрыптау төбесі бойынша кезекші.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.