Маңғыстау станциясындағы атқыштар командасының жүктерді күзететін күзетшісі
Лауазымдық міндеттер:
1.Адамдардың өміріне, жүктің немесе жылжымалы құрамның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулар анықталса, вагондарды күзетуге алмау. ГУ-23 жалпы нысандағы актіні жасауды және ақаулықтарды жоюды талап ету. Пойыздар мен вагондарды коммерциялық тексеру ережесіне сәйкес ауысымдық топтың аға күзетшісіне және пойыз қабылдаушы инспекторларына (қауіпсіздік бойынша) хабарлау.
2.Бекеттің орналасуын және шекарасын, жолдардың санын және олардың мамандануын, жүктерді түсіру және сақтау орындарының орналасуы мен жағдайын зерттеу.
3.Тауарларды қабылдау кезінде атқыштар командасының ішкі құжаттарының тізбесіне сәйкес қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын орындау.
4.Станция паркінің жолдарындағы жүктер мен вагондарды тұрақты тоқтаған күйінде қабылдау.
5.Байланыс арқылы күзетілетін жүкті қабылдау үшін станция бойынша кезекшіден рұқсат сұрау.
Біліктілік талаптары:
Білімі орта, күзетші лицензиясыЕңбек өтілі талап етілмейді
Қосымша талаптар:
35 жасқа дейінҚұрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.