"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Семей бөлімшесі"филиалы ДС Еңбек және жалақы бөлімі бастығының орынбасары
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмыс уақытын күндізгі есепке ала отырып, ауысым қызметкерлері мен жұмыскерлер үшін жұмыс кестесін әзірлеу, жұмыс уақытын есепке алу табельдерін ай сайын тексеру.
- Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық, қызмет түрлері бойынша, шаруашылықтар бойынша есептер, әлеуметтік сипаттағы төлемдер жасау.
- Контингенттің, қызмет түрлері бойынша еңбекақы төлеу қорының, шаруашылықтар бойынша, әлеуметтік сипаттағы төлемдердің жоспар – болжамына есеп айырысулар жасау.
- Әрбір станция бойынша, оның ішінде Sap жүйесінде кәсіптер мен лауазымдар бойынша бекітілген нормативтер бойынша нормативтік санның есептеулерін жасау.
- Қосымша төлемдер мен үстемеақыларды, қосымша жұмыс уақыты үшін төлемдерді, уақытша болмаған қызметкерді төлеуге, кәсіптерді біріктіруге және қызмет көрсету аймақтарын кеңейтуге, қызметкерді оқытуға, әлеуметтік сипаттағы төлемдерге және еңбекақы төлеуге байланысты басқа да бұйрықтарды ресімдеу.
- Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі). - Мамандығы: экономика; Қаржы; Есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.