"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі" филиалының ғимараттар мен инженерлік жүйелерді күтіп ұстау бөлімінің жетекші инженері
- Ғимараттар мен инженерлік жүйелердің тиісті жай күйі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді;
- ғимараттар мен инженерлік жүйелерді ағымдағы және күрделі жөндеу, салу және жаңғырту жобалық-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі - ЖСҚ) жасауға техникалық тапсырманы әзірлеуге қатысады;
- жөндеуге жататын ғимараттар мен инженерлік жүйелерге ақаулы актілер бойынша ақпарат жинауды қамтамасыз етеді;
- жөндеу-құрылыс бригадалары мен Бөгде ұйымдардың күштерімен ғимараттар мен инженерлік жүйелерді жөндеу бойынша іс-шараларды жоспарлайды;
- жасалған шарттардың талаптарына сәйкес мердігер ұйымдардың ғимараттар мен инженерлік жүйелерді жөндеу жұмыстарының сапасын, мерзімдерін бақылайды;
- ғимараттар мен инженерлік жүйелерді және олардың техникалық жай-күйін есепке алу бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі мәселені пысықтайды;
- пайдалану шығыстарының жоспарына түзетулерге қажетті құжаттарды жібереді;
- қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялық жобалардың көлемін айқындау мақсатында филиалдың ғимараттары мен инженерлік жүйелерінің жай-күйіне мониторинг жүргізеді;
- көктемгі және / немесе күзгі комиссиялық тексерулерге қатысады және талдау жүргізеді және іс-шаралар жоспарын жасайды;
- мердігерлік ұйымдардың жұмыстарды орындауы кезінде қауіпсіздікті басқару жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етуді бақылайды.
- Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіби
- Мамандығы: Менеджмент; Көлік, көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Құрылыс;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.