«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының заң бөлімінің бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалда құқықтық мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасын және серіктестіктің жергілікті актілерін қолдану мәселелері бойынша консультациялық, түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
- талаптарды, сот істерін қарау нәтижелерін, сондай-ақ шарттар жасасу практикасын талдау және қорыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- серіктестік меншігінің сақталуы, филиал балансында тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек туралы материалдарды қарау, оларды таратуға құқықтық сипаттағы шаралар қабылдау мәселелері бойынша жұмыс комиссиялары мен топтарына қатысу;
- Филиал қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беру, серіктестікке келтірілген мүліктік зиянды өтеуге шаралар қабылдау;
- Филиал қызметкерлерінің шағымдарын, заңсыз әрекеттері (оның ішінде сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар, өзімшілдік теріс пайдаланулар, кемшіліктер және өзге де) туралы өтініштерді қарау жөніндегі филиал комиссияларының жұмысына қатысу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Юриспруденция; халықаралық құқық; құқықтану; құқық қорғау қызметі
- Жұмыс тәжірибесі мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес, оның ішінде мамандығы бойынша басшы қызметтерінде 3 жылдан кем емес
Қосымша талаптар:
- Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қарағанды - Сұрыптау станциясы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.