"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный"Жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының Павлодар учаскесі тұстоя паркінің (ЛБК) жолаушылар вагондарының жолсеріктері

198 376 - 207 710 KZT
Павлодарский участок Регионального филиала по пассажирским перевозкам "Северный" Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
15

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

күзету үшін қабылданған вагондар жабдықтарының сақталуын қамтамасыз ету;

вагондарды күзетуді және оны рейске дайындауды жүзеге асыру кезінде санитария талаптарын қамтамасыз ету және тиісті температуралық режимді сақтау (жазда+18c, қыста + 22 C);

Вагонды қабылдау кезінде төмендегілерді тексеру керек:

стоп-крандарда және авариялық шығу жетегінің тұтқаларында пломбалардың болуы;

өрт сөндіргіштердің болуы және жарамдылығы;

қазандық бөлімшесіндегі өрт крандарының жарамдылығы;

вагонның сумен қамтамасыз етілуі;

крандардың, қол жуатын орынның, дәретханаларды айдау тетіктерінің жай-күйі (олар ақаулы болған кезде ВУ - 8 журналында жазбаның бар екеніне көз жеткізу);

қол тежегіштің әрекеті;

ВУ-8 журналының түгендеу тізімдемесі бойынша вагонның ішкі және сыртқы жабдықтарының болуы және жай-күйі;

ФИУ – 11 нысанының тізімі бойынша алынбалы мүкәммал мен төсек-орын жабдықтарының болуы;

таңбаланған жұмыс мүкәмалымен жинақталуы;

құрғақ тазалау жүргізілген рейстен жолсеріктің вагонды қабылдауы;

қызметтік үй-жайлар мен қазандық бөлімшелерінің жүріс бөліктерін тазалау, санитариялық жай-күйі және ауысымды тапсырар алдында оларды сол күйінде ұстау;

Жылыту маусымында қосымша төмендегілерді тексеруге міндетті:

жылыту желісінің жұмыс күйіндегі жарамдылығы;

от жағатын орында ұшқын сөндіргіштің, тордың болуы, қол және айналым сорғыларының жарамдылығы;

жылыту жүйесінде судың болуы және вагонды отынмен қамтамасыз ету;

құйма және айдамалы келте құбырларда, қол жуатын орындарда, унитаздарда мұздың болмауы;

жүріс бөлігінде, тежегіш және вагон астындағы жабдықта және автотіркегіш құрылғыда мұздың болмауы;

Вагонды тапсыру кезінде:

таза, рейске дайын вагонды тапсыру;

ФИУ-11 нысанды журнал бойынша алынбалы мүкәммалды тапсыру;

ВУ-8 журналының инвентарлық тізімдемесі бойынша вагонның ішкі және сыртқы жабдықтарын тапсыру;

құйма және айдамалы келте құбырларды, қол жуатын орынның, дәретханаларды жылыту, жүріс бөліктерін, тежегіш жабдықты және автотіркегішті қақтан тазарту;

күзетілетін вагондар тұрған жерлерде теміржол жолдарын таза ұстау;

вагонды қабылдау және тапсыруға дайындық барысында анықталған барлық ескертулер туралы паркті күзетуші ауысым бригадиріне дереу хабарлауға міндетті;

Вагондар тұрағы паркінің жолаушылар вагондарының жолсеріктеріне:

құбырларды жарықтандыру және жылыту үшін ашық отты пайдалануға;

түнгі уақытта өз лауазымдық міндеттерін орындау үшін кезекшіден басқа вагонды жарықтандыруды пайдалануға;

электр жылыту аспаптарын және басқа да тұрмыстық құрылғыларды (магнитофондар, қабылдағыштар және т.б.) қосуға;

жылыту қазандықтарын, қайнатқыштарды тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың (керосин, бензин, май және т.б.) көмегімен ерітуге;

вагондарды қараусыз қалдыруға;

бөгде адамдарды вагонға кіргізуге тыйым салынады.

Біліктілік талаптары:

Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық: Темір жол кондукторы; Жолаушылар вагонының кондукторы

Мамандығы: Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты бақылау

Жұмыс тәжірибесі: тәжірибе қажет емес

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.