"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Семей бөлімшесі" филиалының қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Магистральдық теміржол желісі объектілерінің жай-күйін және техникалық жарақтандыруды қарау.
- Магистральдық желі бөлімшесі қызметінің қорытындысы бойынша компания, Дирекция басшылығының өндірістік кеңестеріне материалдар дайындау (дирекцияның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп).
- Магистральдық желі бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне талдау дайындау. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын азайту бөлігінде желілік-пайдалану кәсіпорындарының жұмысын бақылау мен ұйымдастыруды қатаңдату жөнінде шаралар қабылдау және алдын алу шараларын жүргізу.
- Қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, олардың орындалуын бақылау.
- Желілік-пайдалану кәсіпорындары басшыларының жеке қатысу нормативтерін орындауына, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, технологиялық процестердің сақталуына мониторинг жүргізу.
- Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Автоматтандыру және басқару; құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде темір жол көлігі ұйымдарында орта буын басшылық лауазымдарында кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.