"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Семей ЖТ бөлімшесі"филиалының тасымалдауды ұйымдастыру және шарттары бөлімінің жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Коммерциялық тексеру пункттерінде (ПКО) және станцияларда вагондарды ағытудың себептерін анықтайды және тергеу жүргізеді.
- Станцияларда табылған коммерциялық ақаулары бар вагондар туралы есепті жасау бойынша бақылау жүргізеді, кно-5 ф. есебін жасайды.
- Вагондардың белгіленген бақылау ауыстырып тиеу жоспарын орындау бойынша станцияларды бақылауды жүзеге асырады, коо-1 ф. есебін жасайды.
- Жүк шаруашылығында поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпті жүктерді тасымалдау және вагон таразыларына тиісті мекенжайларға бере отырып талдау жасайды.
- Жүк жөнелтушілердің/ жүк алушылардың өтінімі бойынша жан-Семей, Дегелен, Аягөз, Семей, Өскемен-1, Риддер станцияларының таразыларында вагондарды өлшеу бойынша есепті жасайды, содан кейін тиісті мекенжайларға жөнелтіледі.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, темір жол көлігіндегі көлік логистикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, тиісті бөлімнің инженері және жүк пен багажды тауар кассирі/ қабылдау-тапсырғыш лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.