"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Көпсалалы қызмет көрсету орталығы" филиалының БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры

Зарплата не указана
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Более 7 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
23

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғамның және еншілес ұйымдардың қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған жарияланымдар мониторингін және мазмұнын талдауды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының қызметі туралы жаңалықтар дайджесттерін дайындауды ұйымдастырады;
  • Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының БАҚ үшін баспасөз конференцияларын, брифингтерін, пресс-турларын, сұхбаттарын және басқа да іс-шараларын өткізуді, Қоғам мен оның еншілес ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға БАҚ өкілдері мен пікір көшбасшыларының, блогерлердің қатысуын қамтамасыз етеді;
  • Қоғам мен еншілес ұйымдардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі форумдарға, көрмелерге, конференцияларға және кездесулерге қатысуын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады;
  • Қоғамның корпоративтік веб-сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде пресс-релиздердің, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-талдамалық материалдардың дайындалуын және орналастырылуын қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп БАҚ-та Қоғамның компаниялар тобының спикерлерімен мақалалар, сұхбаттар, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауаптар дайындауды қамтамасыз етеді;
  • Қоғам мен оның еншілес ұйымдарының қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған сыни мәлімдемелерге/жарияланымдарға дағдарысқа қарсы әрекетті қамтамасыз етеді;
  • Корпоративтік веб-сайтта ақпаратты орналастыруды үйлестіреді және оның мазмұнының Қоғамның жергілікті ережелеріне сәйкес жаңартылуын қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының бейне және фотоматериалдар мұрағатын қалыптастыруды, фото және бейне түсірілімді, бейнематериалдарды монтаждауды, Қоғамның және оның еншілес ұйымдарының қызметі туралы имидждік бейнематериалдар (фильмдер, бейнероликтер) жасауды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның жылдық есебінің жобалық макетін дайындауды, оның мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде баспа және электронды нұсқада жариялануын қамтамасыз етеді;
  • Әлеуметтік желілерде Қоғамның және еншілес ұйымның аккаунттарын құруды және SMM ілгерілетуді үйлестіреді, контент-жоспарды әзірлеуді және іске асыруды, жедел ақпаратты орналастыруды, сұраныстар мен ескертулерге жауап беруді, әлеуметтік желіні пайдаланушылардың теріс пікірлеріне жауап беруді қамтамасыз етеді;
  • Салалық ақпарат құралдары арқылы ішкі байланысты қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары;
  • Мамандық: Журналистика; Көпшілікпен қарым-қатынас; Менеджмент; Филология.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 7 жыл, басшы лауазымында кемінде 5 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.