«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Луговский рельс дәнекерлеу кәсіпорнының бас инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Өз құзыреті шегінде пойыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
- Қоғамның және дирекцияның жергілікті нормативтік актілеріне сәйкес пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастырудың негізгі стандарттарын енгізеді.
- Өздерiнiң өкiлеттiгi шегiнде Филиалдың барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар мен нұсқаулардың шығарылуын қамтамасыз етедi.
- Арнайы жылжымалы құрамның және автокөлiк құралдарының техникалық жай-күйiне бақылау жасайды, жүргiзушiлердiң жұмыс уақытын ұйымдастырады және жоспарлайды, арнайы жылжымалы құрам мен автокөлiк құралдарын пайдаланудағы анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдайды.
- Рельс-вагон пойыздарының, 5-қатарлы рельс-вагон пойыздарының, рельс дәнекерлеу зауытының өздігінен жүретін дәнекерлеу аппараттарының және дәнекерлеу колонналарының техникалық жай-күйін, оларды жөндеудің уақытылы жүргізілуін, рельс-вагон пойыздарына, жылжымалы рельс дәнекерлеу аппараттарына, дәнекерлеу колонналарына қызмет көрсететін персонал жұмысының сапасын тексереді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көліктік құрылыс
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет бейіні бойынша 3 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.