«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалы механикалық шеберханалар шеберханасы
Лауазымдық міндеттер:
Автокөлік құралдарының жыл сайынғы техникалық байқаудан өтуі мен сақтандыру полисін рәсімдеу жоспарын қалыптастырады;жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) жұмсалуын бақылайды;
жол машиналары мен механизмдерін реттеушілердің, жолсеріктердің, техниктердің, қазандық операторларының, жүргізуші мен шебердің жұмысына жалпы бақылау жүргізеді;
сатып алынатын материалдық-техникалық құндылықтар (МТҚ) атауларына техникалық сипаттамаларды (спецификацияларды) әзірлеп, оларды сатып алу жоспарлау секторына ұсынады;
МТҚ есепке алу бойынша түгендеу жұмыстарын жүргізеді;
белгіленген тәртіппен монтаждық-қорғау құралдары мен құрылғыларын сынау жұмыстарын орындайды;
Филиал ғимаратының жерге қосу құрылғыларын тексеруді жүзеге асырады;
қалқандықтардың бірсызықтық (однолинейный) сұлбаларын жаңартады;
МТҚ қабылдау жұмысына қатысады;
сатып алу рәсімдерін жүргізу үшін сараптамалық қорытындыларды қалыптастырады;
Филиал қызметкерлеріне шаруашылық қажеттіліктерге арналған сенімхаттарды беруге жауапты болады;
еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша барлық түрдегі нұсқамаларды өткізеді;
механикалық шеберханалар цехы бойынша инвестициялық жобаларды әзірлейді.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)Мамандығы: Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; көлікті пайдалану (темір жол көлігі); машина жасау; көлік, көлік техникасы және технологиялары; тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жол подвижной құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; темір жол подвижной құрамын өндіру; темір жол подвижной құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша).
Жұмыс өтілі: көлік шаруашылығы саласында (барлық түрлері бойынша) кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.