"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Семей магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Аягөз жолының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметі еңбекті қорғау және қауіпсіздіктехникасы жөніндегі жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауын, еңбекті қорғау құралдарын, жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалануын, айлабұйымдарды, машиналарды, механизмдерді, электрден қорғау және сақтандыру құралдарын сынау мерзімдерінің сақталуын, жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін, жұмыс істейтіндерді арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылау. сабынмен.
- Жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің есебін жүргізу, өндірістік жарақаттанудың себептерін талдау.
- Еңбекті қорғауға арналған қаражатты игеру туралы есептерді, еңбекті қорғау жай-күйін талдауды, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша есептілікті жасау.
- Кіріспе нұсқама бағдарламасын әзірлеу, өндірістік оқытуға немесе практикаға келген жаңадан қабылданған қызметкерлерге, іссапарға жіберілгендерге, оқушылар мен студенттерге кіріспе нұсқама жүргізу.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердің білімін тексеру кестесін жасау, білімді тексеруге қатысу, білімді тексеру нәтижелерін тиісінше ресімдеуді қамтамасыз ету, жаңадан қабылданған қызметкерлердің уақтылы оқуын және білімін тексеруді бақылау.
- Жұмыста анықталған қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды жоюға жауапты адамдарға және басқа да лауазымды тұлғаларға бақылауды жүзеге асыру және ұйғарымдар беру.
- Жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарын белгілейтін жоспарлардың, ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, электр және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы киімге, арнайы аяқ киімге, ЖҚҚ-ға, сабынға, сүтке, қызметтер мен жұмыстарға өтінімдерді сапалы ресімдеу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.