«KTZ Express» АҚ «KTZE Commerce» филиалының клиенттермен жұмыс бөлімінің бас маманы (Алматы қ.)
Лауазымдық міндеттер:
- Клиенттерден өтінімдерді қабылдау, алдын ала төлемге шот-фактураны рәсімдеу, шарт талаптарына сәйкес клиентке нұсқаулықтар беру, клиенттердің ақшалай қаражаттарының келіп түсуін бақылау, шартқа сәйкес клиенттен тауар бойынша жөнелту ақпаратының алынуын қадағалау, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі туралы клиенттерге ақпарат беру, көрсетілетін қызметтерді сүйемелдеу бойынша клиентпен күнделікті негізгі жедел мәселелерді пысықтау.
- Кедендік ресімдеу және жүкке бақылау жүргізетін кеден органдарының бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылды қолдау.
- Қоғам мен Филиалдың құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ клиенттермен құжат айналымын бақылауды жүзеге асыру.
- Бөлім құзыреті шеңберінде клиенттерге кеңес беру.
- Бөлім құзыреті шеңберінде жасалған шарттардың орындалуын бақылау.
- Жүк тасымалын сүйемелдеу бойынша клиентпен негізгі жедел мәселелерді пысықтау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Кеден дело; Экономика; Менеджмент; Құқықтану; Логистика (терминалдық-қойма қызметі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік, көлік техникасы мен технологиялары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.