«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Достық филиалының заң кеңесшісі
Лауазымдық міндеттер:
- Серіктестік филиалының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
- Серіктестік филиалының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру;
- Шарттық, талап-шағым және сот істері бойынша жұмыс жүргізу;
- Серіктестік филиалының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасын және Серіктестіктің құқықтық сипаттағы ішкі құжаттарын дұрыс қолдану бойынша құқықтық кеңес беру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру: бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, ережелер, шарттар және Серіктестік филиалының басқа да ішкі құжаттарының заңды түрде шығарылуын және нормативтік құқықтық актілерге сілтемелердің дұрыстығын бақылау;
- Серіктестік филиалының ішкі құжаттарының жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту рәсімдерінің сақталуын тексеру.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары кәсіби білім. Магистр дәрежесінің болуы – құптарлық.
- Мамандығы: Құқықтану Халықаралық құқық Құқық қорғау қызметі
- Жұмыс тәжірибесі: Қызмет бейініне сәйкес мамандық бойынша кемінде 2 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.