«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы "Семей ЖТ бөлімшесі" Семей вагон пайдалану депосының Семей техникалық күту бекетінің вагон тексерушісі

229 763 - 241 640 KZT
ВЧД-23 Семейское эксплуатационное вагонное депо Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

жолаушы және жүк вагондарына сапалы техникалық күтім көрсетеді, тасымалданатын жүкті және жылжымалы құрамды сақтау мақсатында қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей ақауларды анықтау үшін вагон астына кіріп қарайды, сырттай бақылау арқылы және өлшем құралдарымен жүк бөлігіндегі, шанақтағы, тораптардағы және вагон бұйымдарындағы ақауларды анықтайды, ағытпай және ағытып жөндеуге жататын вагондардың ақауын бормен белгілейді және вагон ақауы жайлы хабарлама құжатын рәсімдеп, жөндеу жұмысының көлемін анықтайды; 

жолаушы және жүк вагондарына сапалы техникалық күтім көрсетеді, жылжымалы құрам сапындағы вагондарға ағытпай жөндеу жұмыстарын жүргізеді, оларды жүк тиеуге дайындайды, жөндеуден шыққан вагондарды тексеріп, пайдалануға береді, поездарды тексеру алдында оқшаулайды, поездың соңын білдіретін белгілерді іледі және шешеді, вагон ақауларын қалпына келтіреді;

техникалық күтім көрсету бекетіндегі материалдар мен қосалқы бөлшектердің дұрыс пайдаланылуын, оларды үнемдеп ұстап, ескі қосалқы бөлшектерді жөндеу орынынан жинап алып, депоға жеткізуді қадағалайды.

кепілді иін бойынша жүк және жолаушылар поезының қауіпсіз әрі кестеге сай өтуін қамтамасыз етіп, технологиялық үдеріс талаптарын сақтайды;

поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған жағдайда дереу депо басшылығына хабар береді.

Біліктілік талаптары:

Білімі

Орта және арнаулы орта белгіленген бағдарлама бойынша

Еңбек өтелі

еңбек өтеліне талап қойылмайды

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.