"Теміржолсу-Маңғыстау" ЖШС "Теміржолсу" АҚ Бопай стансасына апатты қалпына келтіру жөндеушісі
Лауазымдық міндеттер:
Су және кәріз су құбырлары мен құдықтарын тексеру, құбыр бойындағы ақауды анықтау және жөндеуСу және кәріз су жүйелеріндегі ғимараттар мен қондырғыларды, құбырлар мен құрылғыларды жөндеу, қалыпқа келтіру және монтаждау жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы орындау, су және кәріз су құбырлары мен құдықтарын тазалау, құрылғыларды бекіту және дәнекерлеу
Магистральдық су құбырындағы құрылғыларды (жабқыш, кері жабқыш, флянц, өрт гидранттары т.б.) жөндеу және ауыстыру
Су құбырларын жуып-шаю және қысымдық сынау жұмыстарын жүргізу
Су қоймалары мен су мұнарасын жуып-шаю, тазалау жұмыстарына қатысу
Су айдау және кәріз қабылдау қондырғылары мен сорапты-қозғалтқыштар құрылғыларын және құрал-саймандарын жұмыс деңгейінде ұстап, қарау
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жалпы орта білімді, арнайы дайындалған программамен
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі: міндетті емес
Қосымша талаптар:
- Су және кәріз су құрылғыларының, су сораптары мен қозғалтқыштардың, су сүзу және бактериялық залалсыздандыру қондырғылардың экплуатациялық ережелері мен жұмыс жасау тәртібін білу;
- су көздерінен келетін құбырлардың және су тарату құбырларының және құбыр бойындағы ашып-жабу құрылғыларының жұмыс жасау сызбасы мен құрамын білу;
- теміржол бекетіндегі жолаушылар поезд вагондарын сумен қамтамасыз ету және су тасымалдайтын вагондар мен авокөліктерді сумен толтыру жүйелері мен басқа да сумен қамтамасыз ету элементтерін білу;
- құдықтардағы зиянды газдарды анықтау, жою және құдықтардағы апаттық жағдайларды қалыпқа келтіру тәсілдерін білу;
- жоғарғы бағынышты органдар мен серіктестіктің қаулыларын, бұйрықтары мен нұсқамаларын білу;
- еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өрт және электроқауіпсіздігі, өндірістік санитарлық жөніндегі нормалар мен ережелерді білуге;
- сумен қамтамасыз ету, кәріз су қабылдау мен қызмет көрсету, қондырғыларды жөндеу жұмыстары бойынша методикалық, нормативтік және басқа да қажетті құжаттарды білуге;
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.