«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шыганак жол дистанциясының еңбек қауіпсіздігі еңбекті қорғау және экология қызметінің жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Еңбекті қорғау жөніндегі филиалдың мақсаттарын әзірлеу
- Қажет болған жағдайда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бұйрықтарды қайта қарау, жаңа бұйрық шығару
- Бекітілген Бағдарламаға сәйкес жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кіріспе нұсқама жүргізу.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.15 ж. бұйрығымен бекітілген «Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама жүргізу және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері» деген 4-бөлімнің 37) 38) 39) -тармақтарының талабы бойынша кіріспе нұсқама жүргізу.
- No1019 Филиал директоры бекіткен кестеге сәйкес Еңбекті қорғау күнін өткізу Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi көктемгi және күзгi комиссиялық тексерулер жүргiзу жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысу
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану(теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.