Жол диспетчері Производственно-технический отдел Балхашская дистанция пути Карагандинское отделение магистральной сети Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция магистральной сети»

328 286 - 347 796 KZT
Балқаш жол дистанциясы Балқаш қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 1 года Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

- жол дистанциясының жол телімдерінің жедел жұмыс жасауын қамтамасыз ету, пойыз диспетчерлерімен, байланыс диспетчерлерімен, энергодиспетчерлермен, станция және депо бойынша кезекшілермен, локомотив диспетчерлерімен өзара әрекеттестікте жұмыс жасау;

- жол жұмыстары, «окно» жұмыстары, қар жинауыш және қар тазалағыш техника, жол машиналарының жұмыстары және жолдың жоғары құрылымының материалдарын тиеу және түсіру жұмыстарының барысын тіркеуді жүзеге асыру;

- электрмен жабдықтау және СЦБ құрылғыларының бұзылуы туралы хабар алған жағдайда дереу жол дистанциясы басшылығына, байланыс диспетчеріне және энергодиспетчерге хабарлау, бұзылыстарды жою бойынша шаралар қабылдау;

- алмалы-салмалы ақаутүсіргі құралдардың жұмысын қадағалау;

- ақау орын алған жағдайларды , қалпына келтіру бригадаларының шақырылуы, оқиға орнына баруы және келуі, ақауды жартылай немесе толықтай қалпына келтіру, сондай-ақ, пойыздардың бөгелу жағдайларының барлығын тіркеу;

- жол дистанциясының басшылығына зақым алу, бөгде тұлғаларды басып кету оқиғаларының барлығын дереу хабарлау және аталған оқиғаларды арнайы журналға тіркеу, өз кезегінде жұмыс басшылары (жол шебері, телім бастығы) жол диспетчеріне зақым алу оқиғаларының барлығын хабарлайды;

- жөндеуші бригадаларды уақытылы дайындап үлгеруі үшін жұмыс басшыларын (телім бастықтары, көпір және жол шеберлері) ұсынылатын «окно» туралы алдын ала хабардар ету;

Біліктілік талаптары:

Білімі

- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) 
- орта (техникалық және кәсіптік)

Сала бойынша мамандығы

Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпір және көліктік тоннельдер), Көлік құрылысы, Көлік, көліктік техника және технологиялар (Көтерме-көліктік, құрылыс, жол машиналары және құрылғылар)

Еңбек өтілі

- 1 жылдан кем емес
- 2 жылдан кем емес

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.