«ҚТЖ- Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектелген серіктестігі «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалының Семей станциясының сұрыптау дөнес кезекшісі
Лауазымдық міндеттер:
1. нұсқамалардың барлық түрлерінен уақтылы өту (жұмысқа қабылдау немесе ауыстыру, телеграфтық нұсқаулар алу кезінде);2. ТНУ-19 журналына қол қойып, мақсатты нұсқамадан жеке өтіп, онлайн режимде планерлік кеңестерге ауысым алдында қатысады.
3. еңбек қызметі барысында, сондай-ақ еңбек жағдайлары өзгерген басқа жұмысқа ауысқан кезде не кәсіптік ауру белгілері пайда болған кезде міндетті мерзімді (жыл сайынғы) медициналық тексеруден өту;
4. кезекшіліктің алғашқы сағаттарынан бастап жұмыстың қалыпты қарқынын және технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, ең аз уақыт жұмсай отырып, кезекшілікті қабылдайды;
5. ауысымды сапалы қабылдау және тапсыру ауысым барысында қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-гигиеналық нормалардың талаптарын сақтау, сондай-ақ ауысым қабылданғаннан кейін жұмыс орны мен жабдықтың, Мүкәммалдың және басқа да құралдардың жай-күйіне жауапты болу;
6. ауысым барысында арнайы/ нысанды киімдерді, арнайы аяқ киімдерді, сигналдық керек-жарақтарды ұқыпты ұстау және дұрыс пайдалану және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;
7. қауіпсіз еңбек тәсілдерін, жеке қауіпсіздік техникасын, техникалық-өкімдік актінің, станция жұмысының бірыңғай технологиялық процесінің талаптарын, кәсіп және жұмыс түрлері бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жергілікті нұсқаулықтар мен нұсқаулықтарды сақтау;
8. заңнама талаптарына сәйкес еңбек тәртібін, еңбек және демалыс режимін сақтау. Өндірістік жарақаттануға және кәсіптік ауруларға жол бермеу;
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және
телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қосымша талаптар:
Қосымша талаптар: жұмысқа қабылдау кезінде міндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексеру.Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.